Tethys Petroleum Limited (Кайман аралы) KYG876361091 (KY_TPL_) жай акциялары 20 қарашадан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.11.15 18:08
/KASE, 20.11.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен Tethys Petroleum Limited (Кайман аралы) жай акциялары екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі аталмыш эмитенттің Биржаның (KASE) "Листингілік ережелер" ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы 2) тармағындағы талаптарды орындауына байланысты 2015 жылдың 20 қарашасынан бастап күшіне енді. Биржаға осы акциялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады. Tethys Petroleum Limited қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Tethys Petroleum Limited тіркеушісі Equity Financial Trust Company (Канада) және Capita Registrars Limited (Гернси аралы) болып табылады. Аталмыш акцияларға KY_TPL_ қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жуырда KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/KY_TPL_мекен- жайында жарияланады. [2015-11-20]