Ұлттық Банк "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ акцияларын 2015 жылдың 15 сәуірінен 14 қазанына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

25.11.15 17:17
/KASE, 25.11.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) акцияларды орналастыру нәтижелері туралы 2015 жылдың 19 қарашасындағы хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк банктің акцияларын 2015 жылдың 15 сәуірінен бастап 14 қазанына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - есептік кезеңде банктің жай акциялары орналастырылған жоқ, 2015 жылдың 10 қазанында банктің 1 498 361 547 жай және 499 806 628 артықшылықты акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 923 803 221,16 теңге көлемінде қалыптастырылған. [2015-11-25]