Ұлттық Банк "AltynEx Company"АҚ 2015 жылдың 27 тамызынан 27 қазанына дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

23.11.15 17:57
/KASE, 23.11.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company"АҚ (Ақтөбе обл, бұдан әрі – компания), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 17 қарашасындағы банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк 2015 жылдың 27 тамызынан 27 қазанына дейінгі кезеңге банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - 2015 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша компанияның 111 000 жай акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 111 000 000,00 теңге көлемінде қалыптастырылған. Аталмыш есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_razm_171115.pdf мекен- жайында жарияланған. [2015-11-23]