KASE, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен жасасқан мәміленің шарттары өзгергені туралы хабарлайды

23.11.15 12:51
/KASE, 23.11.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі 12 қарашада (Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы) "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен банктік салым туралы келісім-шартты, сондай-ақ оған енгізілген өзгертулерді, атап айтқанда, 2015 жылдың 14тамызындағы "ALL EXCLUSIVE" банктік салымы туралы келісім-шарттың, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле ретінде, жылдық 12,25 %-дан 13,00 %-ға дейін көбеюі бөлігінде мақұлдады Аталмыш өзгертуді ескере отырып келесі ақпаратты ұсынамыз: 1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 12 қарашасы (Директопрлар кеңесінің 2015 жылдың 12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы). 2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына шаққандағы пайыздық қатынасы: 6,01 %. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: - банктік салым мерзімі – 12 ай; - банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 13,00 %; - банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары – ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады. 6. Мәміле жасалған кү: 2015 жылдың 18 қарашасы. "Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының 40 бабының 3 тармағынасәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша қарым- қатынастармен байланысты тұлға болып табылады. [2015-11-23]