Ұлттық банк "Имсталькон" АҚ 2015 жылдың 11 наурызынан 10 қыркүйегіне дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

23.11.15 11:43
/KASE, 23.11.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 16 қарашасындағы банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 11 наурызынан 10 қыркүйегіне дейінгі кезеңге банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - Есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылмаған, 2015 жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша компанияның 4 000 000 жай акциялары және 1 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 1 825 900 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. Аталмыш есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/IMSK/imsk_razm_161115.pdf мекен- жайында жарияланған. [2015-11-23]