Fitch "Қазақстан Даму Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй жинақ құрылыс банкі" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растады, болжам "Тұрақты"

19.11.15 10:52
/Fitch Ratings, Москва, 17.11.15, Fitch Ratings ағылшын тілінен аудармасы, KASE тақырыптамасы/ – Fitch Ratings "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін шет елдік және ұлттық валютамен "BBB" және "BBB+" деңгейінде, сондай "Қазақстанның тұрғын үй жинақ құрылыс банкі" АҚ ("Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі") ұлттық валютамен "BBB+" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты". Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1279327 мекен-жайында танысуға болады. [2015-11-19]