"Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.11.15 12:21
/KASE, 12.11.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2015 жылдың 12 қарашасынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1; 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15; жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар "2012 жылдың 21 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, ал 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2013 жылдың 11 ақпанында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 4,50 және 7,00 % аралығында құбылды. [2015-11-12]