Ұлттық банк "Қазақстан Даму банкі" АҚ 2015 жылдың 09 наурызынан 08 қыркүйегіне дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

28.10.15 16:01
/KASE, 28.10.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 15 қазанындағы компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 09 наурызынан 08 қыркүйегіне дейінгі кезеңге компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - Есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылмаған, 2015 жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша компанияның 14 999 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 313 667 510 619,00 теңге көлемінде қалыптасты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аталмыш акцияларды орналастыру қорытындысы туралы ресми хатын ұсынды, ол KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_placement_results_151015.pdf мекен-жайында жарияланған. [2015-10-28]