"СОКОЛОВКА" АҚ KZ1C60100019 (KZ1C00001189, SKLK) жай акциялары 20 қазаннан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.10.15 17:39
/KASE, 20.10.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "СОКОЛОВКА" АҚ KZ1C60100019 (ISIN – KZ1C00001189) жай акциялары екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі аталмыш эмитенттің Биржаның (KASE) "Листингілік ережелер" ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы 2) тармағындағы талаптарды орындауына байланысты 2015 жылдың 19 қазанынан бастап күшіне енді. Биржаға осы акциялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады. "СОКОЛОВКА" АҚ қаржылық кеңесшісі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға SKLK қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жуырда KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/SKLK мекен-жайында жарияланады. [2015-10-20]