"Қазақстан Даму Банкі" АҚ RAM Rating Services Berhad агенттігі банктің орташа жедел ислам облигацияларын шығару бойынша бағдарламасының рейтингін растағаны туралы хабарлады

19.10.15 17:47
/KASE, 19.10.15/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Малазия рейтингілік агенттігі RAM Rating Services Berhad "Қазақстан Даму Банкі" АҚ "Сукук "аль-Мурабаха" көлемі 1,5 млрд. малазия ринггитімен шығарылған орташа жедел ислам облигацияларының ұзақ мерзімді рейтингін АА2/Stable деңгейінде растады. Бұл рейтинг Банктің қаржылық міндеттемелерін төлеу бойынша сенімділік деңгейінің жоғары деңгейде екендігін куә болып табылады. ... [2015-10-19]