"СОКОЛОВКА" АҚ KZ1C60100019 (KZ1C00001189, SKLK) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

16.10.15 12:08
/KASE, 16.10.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "СОКОЛОВКА" АҚ (Ақтау) KZ1C60100019 (KZ1C00001189, SKLK) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2015 жылдың 22 қыркүйегінде бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "СОКОЛОВКА" АҚ 1 300 000 жай акцияға бөлінді, оған KZ1C60100019 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне A6010 енгізілді. "СОКОЛОВКА" АҚ қаржылық кеңесшісі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға SKLK қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "СОКОЛОВКА" АҚ негізгі қызмет түрі – геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарын жүргізу және өндіруді жүзеге асыру, мұнай кен орындарын барлау , мұнай және газды өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-10-16]