"АҚ Алтыналмас" АҚ өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2015 жылдың үшінші тоқсанына дивидендтер төлегенін хабарлады

12.10.15 09:41
/KASE, 12.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АҚ Алтыналмас" АҚ (Алматы), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, 2015 жылдың 08 қазанында өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2015 жылдың екінші тоқсанына бір акцияға 125,00 теңге көлемінде дивидендтер төлегенін хабарлады. "АҚ Алтыналмас" АҚ хабарламасына сәйкес, дивидендтер төлеу үшін артықшылықты акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша бекітілді. [2015-10-12]