"АҚ Алтыналмас" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

09.10.15 16:34
/KASE, 09.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АҚ Алтыналмас" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C04450017 жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана, KZ1P04450113 артықшылықты акциялар саны – 5 267 дана; - компанияның 10 000 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 4 830 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға AQUILA GOLD B.V. болып табылады, оның меншігінде 10 000 300 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,95%) соның ішінде компанияның 10 000 000 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 300 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 5,70%) бар. [2015-10-09]