"Modern Nomads Entertainment" АҚ KZ1C59920013 (KZ1C00001130, MODN) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

18.09.15 17:39
/KASE, 18.09.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 17 қыркүйегіндегі шешімімен "Modern Nomads Entertainment" АҚ KZ1C59920013 (ISIN – KZ1C00001130) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Modern Nomads Entertainment" АҚ 1 000 000 000 жай акцияға бөлінді, оған KZ1C59920013 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5992 енгізілді. "Modern Nomads Entertainment" АҚ қаржылық кеңесшісі "Private Asset Management" АҚ (Алматы) болып табылады. S.A TETHYS KAZAKHSTAN тіркеушісі Vistra Corporate Services (Бельгия) болып табылады. Аталмыш облигацияларға MODN қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "Modern Nomads Entertainment" АҚ негізгі қызмет түрі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен тыйым салынбаған коммерциялық қызмет және басқару, инвестициялық, дистрибьюторлық, дилерлік, коммерциялық, сауда, делдалдық қызметтер бойынша кеңес беру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-09-18]