KASE Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

17.08.15 15:19
/KASE, 17.08.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 10 тамызында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен "Qazaq Banki" АҚ келісім-шарт жасасуды мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 10 тамызы (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 10 тамызындағы № 20 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: 5,27 %. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: - банктік салым мерзімі – 12 ай; - банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,25 %; - банктік салымның сыйақы мөлшерлемесін төлеу және аудару шарттары– ақша аудару ай сайын, төлем - банктік салымның келісімшарт мерзімі аяқталған соң жүргізіледі. 6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 14 тамызы. "Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылады. [2015-08-17]