"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен 300 млн АҚШ долларына несиеге келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

29.07.15 10:16
/KASE, 29.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: "2015 жылдың 24 шілдесінде Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Лондондағы штаб-пәтерінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ және Еуропалық Қайта құру және Даму банкі арасында 300 млн. АҚШ доллары көлемінде бірлескен заем туралы несие келісіміне қол қойылды.". Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_reliz_280715.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-07-29]