2015 жылдың 20 тамызында "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

28.07.15 17:48
/KASE, 28.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ (Алматы, одан әрі – компания), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2015 жылдың 20 тамызында сағат 15:00 –де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы төмендегі күн тәртібімен өтетінін хабарлады: - 2011 жылдың 25 сәуірінде "ЦАТЭК" АҚ, Еуропалық Даму және Қайта құру Банкі, Kaz Holdings Cooperatief U.A. және №ЦАЭК" акционерлері арасында жасалған келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар туралы; - "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ үшін "Сбербанк России" АҚ ЕБ несие желісін ашу туралы; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көш., 89. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда банктің акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 21 тамызында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен компанияның атқарушы органы орналасқан мекен-жайы бойынша таныса алады. [2015-07-28]