Ұлттық Банк KASE акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

28.07.15, 15:22
/KASE, 28.07.2015/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2015 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) KASE акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізілген № 12 өзгертулер мен толықтыруларды тіркегені туралы мәлімдеді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап М.Р. Қабашевтың KASE Басқарма Төрағасы ретінде уәкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылып, KASE Басқармасы Төрағалығына Есжан Амантайұлы Біртановты тағайындауға (2015 жылдың 01 шілдесіндегі № 15 кезектен тыс отырыстың хаттамасы) байланысты енгізілді. Акциялар шығарылымының жаңартылған аңдатпасы KASE интернет- сайтында "Биржа туралы" - "Корпоративтік құжаттар" тарауында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm12_2015.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. [2015-07-28]