"АҚ Алтыналмас" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлады

23.07.15 10:52
/KASE, 23.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АҚ Алтыналмас" АҚ (Алматы), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, жер қойнауын зерттеу және пайдалану бойынша мемлекеттік территориялық инспектордың 2015 жылдың 20 шілдесіндегі қаулыларымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады: "Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізу ережелерін, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану мәмілелерінің шарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексі 356 бабының 1 бөліміне сәйкес Қоғамға әрбір мәміле бойынша 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. [2015-07-23]