"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Standard & Poor's агенттігі банктің және оның облигацияларының ұзақ мерзімді рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растағанын хабарлады, болжам "Жағымсыз"

14.07.15 12:39
/KASE, 14.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) Биржаға несие рейтингілерінің расталуы туралы баспасөз-хабарламасын жолдады. «Қазақстан Даму Банкі" АҚ берген аталмыш хат пен Standard & Poor's агенттігінің 2015 жылдың 10 шілдесіндегі ағылшын тіліндегі баспасөз- хабарламасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_100715.pdf мекен-жайы бойынша орналасқан. [2015-07-14]