NOSTRUM OIL & GAS PLC компаниясы (Біріккен Корольдік) акциялар бойынша 2014 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

07.07.15 10:12
/KASE, 07.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, NOSTRUM OIL & GAS PLC компаниясы (Лондон), биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында 2015 жылдың 26 маусымында 2014 жылға акциялар бойынша "32 189 047,80 фунт стерлинг сомасында" дивиденд төлегені туралы хабарлады. Хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_020715.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2015-07-07]