ЕСЖАН БІРТАНОВ KASE БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

03.07.15 17:33
/KASE, 03.07.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE Басқармасының Төрағасы Мақсат Рахымжанұлы Қабашевтың өкілеттігі өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылды. KASE Басқармасының жаңа төрағасы болып үш жыл өкілеттілік мерзімге Есжан Амантайұлы Біртанов сайланды. Е.А. Біртанов 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жетекші дилер, бас дилер, басқарма бастығының орынбасары, Монетарлық операциялар департаментінде дилингілік операциялар басқармасының бастығы, Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылы Е.А.Біртановтың тікелей қатысуымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ құрылып, оған 2014 жылдың наурыз айына дейін басшылық етті. 2012 жылдан бастап, Е.А.Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасының кеңесшісі, сондай-ақ Ұлттық банктің Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта KASE Басқармасы құрамы төрт адамнан тұрады: Е.А. Біртанов (Төраға), И.М.Сәбитов (Төраға орынбасары), А.Ю. Цалюк (Төраға орынбасары), Н.Ю. Хорошевская (Төраға орынбасары). [2015-07-03]