"СФК ЕКА-Invest" ЖШС KZP01Y07D943 (KZ2P00003254, EKAIb1) облигациялары 12 маусымнан бастап KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

12.06.15 14:46
/KASE, 12.06.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 10 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "СФК ЕКА-Invest" ЖШС (Алматы) KZP01Y07D943 (KZ2P00003254; 1 000 тенге, 51,0 млн тенге; 12.06.15 – 12.06.22, 7,5 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,5 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2015 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялармен KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. "СФК ЕКА-Invest" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше EKAIb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/EKAI мекен-жайында жарияланады. [2015-06-12]