"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, CAEPb1) облигацияларының купондық сыйақыларының мөлшерлемесі туралы ақпарат өзгертілді және 11 маусымнан бастап сауда-саттығы жаңартылды

11.06.15 16:08
/KASE, 11.06.15/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2015 жылдың 11 маусымындағы шешімімен "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ (Алматы) KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, CAEPb, 1100 теңге, 10,0 млрд теңге; 06.11.13 – 06.11.23; жылжымалы жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, ағымдық купондық кезең, 30/360) облигациялары бойынша ақпарат өзгертілді: сыйақы купондық мөлшерлемесі тұрақты және барлық айналым мерзіміне жылдық 6,0 % сауда-саттығын уақытша тоқтату мерзімі ұзартылды. Осы шешіммен аталмыш облигациялардың сауда-саттығы 2015 жылдың 11 маусымынан бастап жаңартылды. Бұрын хабарлағандай, сауда-саттық, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ (Алматы) аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді биржа алған күннен кейінгі келесі күнге дейін және аталмыш облигациялардың орналастыру және айналу жүйесінде оның есепке алынуы қайта қалпына келтірілгенге дейін 2015 жылдың 02 маусымынан бастап тоқтатылды. Осы тақырыптама бойынша бұдан бұрын төмендегі жаңалықтар жарияланған болатын: - 2015 жылдың 02 маусымындағы "KASE "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, CAEPb1) облигацияларының сауда-саттығын 2015 жылдың 02 маусымынан бастап уақытша тоқтатты" – KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/ru/news/show/1257480 - 2015 жылдың 04 маусымындағы "KASE "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, CAEPb1) облигацияларының сауда-саттығын 2015 жылдың 04 маусымынан бастап уақытша тоқтатты" – KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1258116 мекен-жайында жарияланды. [2015-06-11]