"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP02M90E700 (KZ2C00003283, AGKKb5) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

11.06.15 11:36
/KASE, 11.06.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 10 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP02M90E700 (KZ2C00003283; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 7,5 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,0 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2014 жылдың 30 маусымында тіркелген, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 30,0 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының бесінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің 4-ші және 5-ші ішкі облигацияларының шығарылымы болып табылады. "КазАгроҚаржы" АҚ қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше AGKKb5 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-06-11]