"СФК ЕКА-Invest" ЖШС KZP01Y07D943 (KZ2P00003254, EKAIb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

11.06.15 11:13
/KASE, 11.06.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 10 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "СФК ЕКА- Invest" ЖШС (Алматы) KZP01Y07D943 (KZ2P00003254; 1 000 теңге, 51,0 млн теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 7,5 %, 30/360) 10,5 %, 30/360) облигациялары енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2015 жылдың 27 сәуірінде тіркелген, "СФК ЕКА-Invest" ЖШС облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 1,0 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының алғашқы шығарылымы болып табылады. "СФК ЕКА-Invest" ЖШС қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "Еуразиялық капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше EKAIb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "СФК ЕКА-Invest" ЖШС негізгі қызметі – қаржылық жобалау және секьюритизациялау болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-06-11]