KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

02.06.15, 11:16
/KASE, 02.06.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 19 мамырында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2015 жылдың 01 маусымында № 254-2015 клирингтік қызмет көрсететін ұйым ретінде қызмет көрсету туралы келісім- шарт жасасуды мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 19 мамыры (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 19 мамырындағы № 10 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: - Орталық депозитарий бағалы қағаздармен жасалған биржалық мәмілелер бойынша клиринг нәтижесінде қалыптасқан, Клирингтік ұйымдардың бұйрығы негізінде есептеулерді (нетто-операцияларды тіркеу) жүзеге асыру және аталмыш мәмілелерді жүзеге асыруға қатысатын Орталық депозитарий депоненттерінің қаржыларын және бағалы қағаздардың азаймайтын қалдықтарына бақылау жасау қызметін көрсету; - Орталық депозитарийдің қызметін Орталық депозитарий тарифтері мен алымдары туралы қағидаға сәйкес Клирингтік ұйымның төлеуі; - Орталық депозитарий Басқармасымен бекітілетін және Клирингтік ұйым басқармасымен келісілетін, Орталық депозитарий мен Клирингтік ұйым арасында электрондық құжат айналымы үшін хабарламалар форматына сәйкес ақпарат және құжаттар алмасу; - Келісім жасасушы тараптар аталмыш форматтарды ақпарат және құжат алмасу кезінде қолдануға, бірге таңдау жасалған электрондық құжат айнлымы жүйесін пайдаланып, алмасу кезінде Электрондық құжат және электрондық қол қою туралы Қазақстан Республикасының заң нормаларын басшылыққа алуға міндетті. Аталмыш заң электрондық қол қоюды пайдалана отырып, электрондық қол қоюды қалыптастыру және оларды беруді және ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесін, сондай-ақ қағаз тасымалдауышта құжаттарды қосымша алмастыруды қарастырады. 6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 01 маусымы. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылады. [2015-06-02]