"АЛМА-ТВ" ЖШС KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239, ALTVb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті
25.05.15 09:59
/KASE, 29.05.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2015 жылдың 28 мамырындағы шешімімен KASE ресми
тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "АЛМА -
ТВ" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y07E951 (KZ2P00003239; 1 теңге, 70,0 млрд
теңге; 7 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 10,5 %, 30/360)
облигациялары енгізілді:
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент
"Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының
2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша
жарияланады.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы
ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы "АЛМА - ТВ" ЖШС "ішкі"
облигацияларының KASE листинг процедурасынан өткен алғашқы
шығарылымы болып табылады.
"АЛМА-ТВ" ЖШС қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигацияларды
ұстаушылардың өкілдері "ZIM Capital" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларға тиісінше ALTVb1 қысқартылған белгілері (сауда-
саттық кодтары) берілді.
Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат,
Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-
сайтында жарияланады.
[2015-05-29]