Листингілік комиссия 2015 жылдың 15 сәуіріндегі S.A TETHYS KAZAKHSTAN (Бельгия) BE6277042758 (BE_TETH) жай акцияларын KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешімін жойды

29.05.15 11:32
/KASE, 29.05.15/ – Листингілік комиссия 2015 жылдың 15 сәуіріндегі S.A TETHYS KAZAKHSTAN (Бельгия) BE6277042758 (BE_TETH) жай акцияларын KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізу туралы шешімін жойды. Аталмыш шешім эмитенттің Листингілік және ұқсас алымдардың көлемі, мерзімі және төлеу тәртібі Ережесінің 22 тармағы негізінде белгіленген шарттарын орындамағаны үшін, атап айтқанда 30 күнтізбелік күн ішінде Биржаға жыл сайынғы алғашқы және кіріс листингілік төлемдерді төлеу туралы тиісті шот ұсынбағаны үшін қабылданды. [2015-05-29]