Директорлар кеңесінің қаржылық есеп беру және эмитент аудиті жөніндегі комитеттің жаңа құрамын бекітті

22.05.15 17:28
/KASE, 25.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 19 мамырындағы шешімімен Директорлар кеңесінің қаржылық есеп беру және эмитент аудиті жөніндегі комитеттің (Комитет) төмендегі құрамын бекітті: - Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкінің өкілі (Қазақстан Республикасы Ұлтық банкі белгіленген тәртіп бойынша өз беттерімен анықтайды); - В.А. Қышпанақов, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары (Комитет төрағасы); - Ж.Б.Құрманов, Директорлар кеңесінің мүшесі, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, KASE тәуелсіз директоры (Комитеттің төрағасы); - В.С.Литвинов, KASE мониторинг бөлімінің бастығы; - Н.Ю. Хорошевская, KASE Басқармасы төрағасының орынбасары; - Г.А.Цалюк, KASE Листинг департаментінің директоры; - ірі акционер өкілі (ірі акционер өз бетінше белгіленген тәртіппен анықтайды). Комитеттің құрамы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/authorities мекен-жайы бойынша жарияланған. Директорлар кеңесі Комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс тәртібі Биржалық кеңестің комитеттері туралы қағидада анықталған, оның мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/pol_com_bs.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Директорлар кеңесінің қаржылық есеп беру және эмитент аудиті жөніндегі комитет туралы қағидада мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/pol_com_audit.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE акционерлерінің 2015 жылдың 15 мамырында болып өткен жылдық жалпы жиналысының шешімімен бекітілген, Биржаның жаңа редакциядағы жарғысының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, Биржаның ішкі құжаттарында, оның қызметтік хат-алмасуында және жарияланымдарында Директорлар кеңесімен қатар "Биржалық кеңес" түсінігі қолданылуы мүмкін. Жарғының жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/ustav.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады. [2015-05-25]