KASE акционерлері Биржаның жаңа редакциядағы жарғысын бекітті

19.05.15 12:54
/KASE, 19.05.2015/ – Бұрын хабарланғандай, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) акционерлерінің 2015 жылдың 15 мамырында болып өткен жылдық жалпы жиналысының шешімімен Биржаның жаңа редакциядағы жарғысы бекітілді. Жарғының жаңа редакциясы, қолданыстағы жарғыны өзектендіру мақсатында өңдеп, бұның алдында енгізілген барлық өзгертулер мен толықтыруларды, өзіне қосып алу және Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына, сондай-ақ Биржада қолданып жүрген практикаға сәйкестендіру нәтижесі болып табылады. Жарғының жаңа редакциясында: - "Биржалық кеңес" термині "Директорлар кеңесі" терминіне ауыстырылды; - Биржаның бірінші жетекшісінің және оның орынбасарларының лауазымдары "Президент" – "Басқарма Төрағасы" болып, "Бірінші Вице- президент" және "БвИце-президент" – "Басқарма Төрағасының орынбасарлары" болып ауыстырылды; - Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға қашықтан, нақты уақыт тәртібінде, екі жаққа интерактивті ақпаратты беру, өңдеу, түрлендіру және ұсынуды қамтамасыз ететін, ақпаратық және/немесе телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қатысу туралы анықтама нақтыланды (телефон байланысы және байланыстың өзге де түрлері) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2003 жылдың 27 қарашасындағы № 7 хаттамасы) бекітілген, Биржаның жарғысы 2015 жылдың 18 мамырынан бастап өз күшінен айырылды деп саналады. Жарығның жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/ustav.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады. [2015-05-19]