KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

15.05.15 13:23
/KASE, 15.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 29 сәуірінде, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-мен беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 29 сәуірі (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 29 сәуіріндегі № 9 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ бағалы қағаздарының Биржаның ресми тізімінде болу тәртібін анықтау және ақпараттарды ашу шарттары. 6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 15 мамыры. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылады. [2015-05-15]