"Еуразиялық банк" АҚ Ақсу, Екібастұз және Рудный қалаларындағы филиалдың жабылғаны туралы хабарлады

28.04.15 17:47
/KASE, 28.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы "Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесі төмендегі туралы шешім қабылдады (2015 жылдың 23 сәуіріндегі №45 хаттама): 1) "Еуразиялық банк" АҚ Басқармасының Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі 51 үйде орналасқан №1 филиалының жабылуы туралы (2015 жылдың 20 ақпанындағы №08 хаттама) қолдаухатты қанағаттандыру туралы. 2) "Еуразиялық банк" АҚ Басқармасының Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшхүр Жүсiп көшесі, 111 "Б" үйде орналасқан №16 филиалының жабылуы туралы (2015 жылдың 20 ақпанындағы №08 хаттама) қолдаухатты қанағаттандыру туралы. 3) Еуразиялық банк" АҚ Басқармасының Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 24 үйде орналасқан №2 филиалының жабылуы туралы (2015 жылдың 20 ақпанындағы №08 хаттама) қолдаухатты қанағаттандыру туралы. цитата соңы [2015-04-28]