"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.15 09:57
/KASE, 24.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C29770019 акцияларының жалпы саны 26 826 439 дана, KZ1P29770115 артықшылықты акцияларының жалпы саны – 41 250 дана; - компанияның барлық 26 192 850 жай және артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ (Астана) болып табылады. [2015-04-24]