2015 жылдың 21 мамырында "Имсталькон" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

17.04.15 17:12
/KASE, 20.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 21 мамырында сағат 10.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2014 жылға компанияның қаржылық есебін бекіту; - компанияның Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есебі; - компанияның акцияларын сатып алу кезінде өзгерген анықтау әдістемесін бекіту; - орналастырылған акцияларды бір түрінен екінші түріне ауыстыру туралы шешімін жою туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Айманов көшесі, 140, конференц-зал. Аталмыш жиналыса қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысушы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 12 мамырындағы жағдайы бойынша жасалды. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2015 жылдың 22 мамырында өтеді. [2015-04-17]