S.A TETHYS KAZAKHSTAN (Бельгия) BE6277042758 (BE_TETH) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

16.04.15 10:30
/KASE, 16.04.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 11 наурызындағы " S.A TETHYS KAZAKHSTAN (Бельгия) BE6277042758 (BE_TETH) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. S.A TETHYS KAZAKHSTAN жарияланған жай акцияларының саны 100 001 дананы құрайды. S.A TETHYS KAZAKHSTAN қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. S.A TETHYS KAZAKHSTAN тіркеушісі Vistra Corporate Services (Бельгия) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BE_TETH қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. S.A TETHYS KAZAKHSTAN АҚ негізгі қызмет түрі – қазақстандағы шикі мұнай және табиғи газ қорларын өңдеу және өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-04-176]