"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің KZPC3Y10B655 (KZ2C00000495, CCBNb10) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

14.04.15 11:30
/KASE, 14.04.15/ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 13 сәуірінде өзінің KZPC3Y10B655 (KZ2C00000495, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb10) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 118500000 теңгені құрады. [2015-04-14]