Қазақстан қор биржасы "БАСТ" АҚ (Қазақстан) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акцияларын 2015 жылдың сәуір – мамыр айларына өтімділігі екінші кластағы акциялардың тізіміне енгізді

09.04.15 12:43
/KASE, 09.04.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі комитеттің 2015 жылдың 09 сәуіріндегі шешімімен "БАСТ" АҚ (Шығыс-Қазақстан обл.) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) акциялары, 2015 жылдың сәуір-мамыр айларына қалыптастырылған, өтімділігі екінші кластағы акциялардың тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды. Бұл шешім "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 3 тарауының 15 тармағына сәйкес, аталмыш акцияларды әлеуетті өтімді деп санауға жеткілікті факторлардың бар болуына байланысты, қабылданды. "БАСТ" АҚ аталмыш акциялары Қазақстан қор биржасында 2015 жылдың 08 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесі арқылы 2015 жылдың 03 наурызынан 03 сәуіріне дейін өткізілген, саны шектелмеген тұлғалар арасында жазылым (IPO) өткізу арқылы табысты орналастырылды. Орналастыру нәтижелері KASE қайталама нарығында сауда-саттықтың 09 сәуірде өтетін салтанатты ашылуында жарияланып, KASE сайтында сағат 15:00 ALT жарық көреді. Өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластағы акциялардың 2015 жылдың сәуір-мамыр айына қалыптастырылған тізімдері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/liquid_2015_april_may.pdf мекен- жайында жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайында жарияланған. [2015-04-09]