2015 жылдың 17 сәуірінде "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

08.04.15 16:45
/KASE, 08.04.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ (Алматы, одан әрі – компания), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2015 жылдың 17 сәуірінде сағат 15:00 –де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы төмендегі күн тәртібімен өтетінін хабарлады: - "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; - "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің уәкілеттік мерзімін, сыйақы көлемі мен төлеу шарттарын анықтау туралы; - "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; - "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің уәкілеттік мерзімін, сыйақы көлемі мен төлеу шарттарын анықтау туралы; - "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы; - Компанияның Директорлар кеңесі туралы ережесін бекіту туралы; - Компаняның тәуелсіз директорлармен – Директорлар кеңесі мүшелерімен келісім –шарт жасау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көш., 89. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда банктің акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 20 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен компанияның атқарушы органы орналасқан мекен-жайы бойынша таныса алады. [2015-04-08]