Ұлттық Банк "АК Алтыналмас" АҚ акцияларын 2014 жылдың 01 тамызынан 2015 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

09.04.15 10:38
/KASE, 09.04.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы, одан әрі - компания) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы 2015 жылдың 31 наурызындағы ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) компанияның акцияларының орналастыру нәтижелері туралы 2014 жылдың 01 тамызынан 2015 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңде компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті - 2014 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның 40 000 000 жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 8 379 615 000,00 теңгені құрады. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_razm_310315.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-04-09]