27 наурыздан бастап KASE қайталама нарық секторында "Астана Банкі" АҚ KZP01Y05E863 (KZ2C00003085, ABBNb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

01.04.15 16:22
/KASE, 01.04.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 02 сәуірінен бастап KASE қайталама нарық секторында "Астана Банкі" АҚ (Алматы) KZP01Y05E863 (KZ2C00003085; KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ABBNb1, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 27.01.15 – 27.01.20, жартыжылдық тиянақталған купон, жылдық 9,5 %, 30/360) облигациялармен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар 2014 жылдың 27 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "өзге бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/abbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-04-01]