2015 жылдың 24 сәуірінде "Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

26.03.15 17:11
/KASE, 26.03.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2015 жылдың 24 сәуірінде сағат 10.00-де қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2014 жылдағы компанияның қызметі туралы Басқарманың есебі; - 2014 жылға жылдың шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есеп берушіліктерін бекіту; - 2014 қаржылық жылдағы таза пайданы бөлу тәртібін анықтау; - Банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - Банктің есептік комиссиясының құрамы өзгерту туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 38 мекен-жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09.30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акциолнерлердің тізімі 2015 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акци онерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 25 сәуірінде жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен 2015 жылдың 14 сәуірінен бастап Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 38 мекен-жайында таныса алады. [2014-03-26]