2015 жылдың 30 наурызында "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС қатысушыларының жылдық жиналысы болып өтеді

20.03.15 16:40
/KASE, 20.03.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2015 жылдың 30 наурызында сағат 11.00-де қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: - компания Басқармасының 2015 жылға шығындар және кірістер сметасын орындау туралы есеп беруі; - компанияның 2014 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту және компанияның таза пайдасын бөлу. - компанияның есептік саясатын бекіту; - компанияның салықтық саясатын бекіту. Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады. Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2015 жылдың 31 наурызында сағат 10.00-де, жоғарыда көрсетілген меен-жай бойынша басталады. Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қатысушылар: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47 мекен-жайында таныса алады. [2015-03-20]