20 наурыздан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақтелеком" АҚ KZP01Y05E848 (KZ2C00003044, KZTKb3) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

19.03.15 15:45
/KASE, 19.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 19 наурызынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KZP01Y05E848 (KZ2C00003044; KASE ресми тізімі, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb3, 1 000 теңге, 21,0 млрд теңге; 26.12.14 – 26.12.19, жартыжылдық купон, жылдық 7,5 %, 30/360) облигациялармен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (Алматы) АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген, ал 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kztk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-03-19]