19 наурыздан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP01Y10E822 (KZ2C00003002, BRKZb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.03.15 17:56
/KASE, 18.03.15/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Астана) KZP01Y10E822 (KZ2C00003002; KASE ресми тізімі, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, BRKZb2, 1 000 тенге, 20,0 млрд тенге; 29.12.14 – 29.12.24, жылдық купон, жылдық 8,5 %, 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап енгізілген, ал 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге де борыштық бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/brkz мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-03-198]