19 наурыздан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZP06Y07D217 (KZ2C00002996, CCBNb26) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.03.15 17:54
/KASE, 18.03.15/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Астана) KZP06Y07D217 (KZ2C00002996; KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздары" санаты, CCBNb26, 100 теңге, 35,0 млрд теңге; 16.03.15 – 16.03.22, жылдық купон, жылдық 8,5 %, 30/360) облигацияларымен сауда- саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі АО "Сентрас Секьюритиз"АҚ (Алматы). Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап енгізілген, ал 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге де борыштық бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ccbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-03-198]