"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесі "Байтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ қарыз алу арқылы өз міндеттемелерін арттыру туралы шешім қабылдады

13.03.15 16:42
/KASE, 13.03.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 2015 жылдың 6 наурызында Банктің Директорлар кеңесі (№165-2015-02 хаттама) "Байтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ жеке капиталынан он және одан да көп пайызын құрайтын 135 000 000 000 (жүз отыз бес миллиард) теңге қарыз алу арылы өз міндеттемелерін арттыру туралы шешім қабылдады. цитата соңы [2015-03-13]