KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

04.03.15 17:40
/KASE, 04.03.2015/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз мүддесі бар мәміле: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" акционерлік қоғамымен жайларды жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы және Қазақстан қор биржасы ерекше қатынастарда байланыстағы мәмілелер келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария етеміз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 18 ақпанындағы (Биржалық кеңестің 2015 жылдың 18 ақпанындағы № 3 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы уақытша иеленуге және пайдалануға (жалға) әкімшілік ғимараттағы тұрғын емес жайларды және жалға алған үй-жайларды ұстауға байланысты басқа да қызметтерді ұсыну болып табылады. Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы жалға алған үй-жайлар: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67. Келісім-шарттың жалпы сомасы – 2 052 000 теңге; Жалға алу мерзімі – 2015 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін. 6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 03 наурызы. [2015-03-04]