Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Банк ЦентрКредит" АҚ KZP05Y05D213 (KZ2C00002657, CCBNb25) облигацияларын 2014 жылдың 26 қазанынан 29 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

20.02.15 10:52
/KASE, 20.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2015 жылдың 10 ақпанындағы KZP05Y05D213 (KZ2C00002657, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb25) облигацияларын 2014 жылдың 26 қазанынан 29 желтоқсанынына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынылған ескерту хатына сәйкес есептік кезеңде аталмыш облигациялардың 149 795 000 облигациясы орналастырылды. 2014 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы облигациялар толық орналастырылған. Аталмыш есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_placement_results_180215.pdf мекен-жайында орналастырылды [2015-02-20]