"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ «Global Finance» беделді халықаралық қаржылық басылымы Халық банкінің еншілес компаниясы «Halyk Finance» акционерлік қоғамын 2015 жылы Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк деп таныды

16.02.15 17:52
/KASE, 16.02.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы "Global Finance" халықаралық басылымының сарапшылары жүргізген дәстүрлі зерттеу нәтижелері бойынша (http://www.gfmag.com/), «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ "2015 жылы Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк" ("The Best Investment Bank in Kazakhstan 2015") номинациясында жеңіске жетті. "Halyk Finance" АҚ 2015 жылдың Әлемнің ең үздік инвестициялық банктерінің тізіміне кірді, бұл туралы "Global Finance" журналының сәуірдегі санында жарияланатын болады. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_160215_k.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-02-16]